
Айыппұлы 1,3 млн теңге: Алматыда жүргізуші полицейлердің көзінше өзін өртеді
Алматыда көлігі айыппұл тұрағына қойылған жүргізуші өзін өртеп жіберді. Суицид жасамақ болған жігітті полиция аман алып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 1 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағы аумағында тіркелді. 33 жастағы жігіт алдымен көлігін, кейін өзін өртеп жіберген. Көлігінен де, денсаулығынан да айырылған жігіттің 1 млн 300 мың теңге айыппұлы болғаны анықталды….