Каспий итбалығының қорғауға арналған табиғи резерват құрылады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы айтты. Ведомство басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Соның бірі – Каспий итбалығының популяциясын сақтау. Бұл ретте министр Маңғыстау облысында мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы…

Толық оқу

Теміртауда туған ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртау қаласында өз ұлын өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qazaq.today. «Патриот» Телеграм-арнасының жазуынша, сот үкімі жария болды. «Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін»,…

Толық оқу

Қостанайда Қазақстан-Ресей бірлескен форумы ашылды

Қостанайдағы Оқушылар сарайында «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты өңіраралық форум ашылды, деп хабарлайды Kazinform. Бірқатар тақырып бойынша панельдік сессиялар жұмысын бастады. Қазақстан мен Ресей спикерлері қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АӨК саласындағы цифрлық технологиялар мен ауыл шаруашылығына жастарды тарту сынды тақырыптарды талқылап жатыр. Панельдік сессиялар аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары бейнебайланыс…

Толық оқу

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында қарсы алды. Астанада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Одан басқа, президенттер Қостанайда болатын Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады. Qazaq.today

Толық оқу

Тұрғындар қаржы пирамидасына 260 млн теңге салған

Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. «Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS…

Толық оқу