БҚО әкімі Тасқала ауданы тұрғындарымен кездесті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Тасқала ауданы орталығында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Аудандық мәдениет үйінің акт залында өткен кездесуге облыстық басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, бөлім басшылары қатысты, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдымен аудан әкімі Талғат Асқарұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыдан…