Алматыда мектеп есепшісі 46 млн теңге ұрлаған
Алматыда мектептің бас есепшісі 46 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады қала прокуратурасы. Мектептің бас есепшісі бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын айлықты өзінің жеке шоттарына аударып келген. Осы оқиға бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада. Тергеу кезінде есепші өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен…