Қазақстан Палестинаға тағы да гуманитарлық көмек береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Аталған мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған…

Толық оқу

Мейрам күндері бірнеше бағытта қосымша пойыздар қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты бірнеше бағыттарға қосымша пойыздарды қосады, деп хабарлады Halyq Uni. Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды: №201/202 «Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент» бағытында 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды. Ал Шымкенттен…

Толық оқу

G7 елдері Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауды ұсынды.

«Үлкен жетілік» елдерінің Сыртқы істер министрлері Израиль мен Палестинаға, соның ішінде Газа секторындағы жағдайға қатысты ортақ мәлімдеме жасады. G7 елдерінің қатарына кіретін Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі мен Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер ведомстволарының басшылары тұтқындарды босатып, Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін соғысқа үзіліс жасау керектігін мәлімдеді. Сонымен…

Толық оқу

«Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандық 6 жылға сотталды

Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 34 жастағы қазақстандық Алексей Шомполов алты жыл сегіз айға сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.  Шомполов Ресей жағында «Вагнер» жасағының құрамында болған. Шомполовқа «жалданды» және «бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады» деген айып тағылды, одан 205 590 рубль көлемінде ақша тәркілеуге шешім қабылданды. Соттың…

Толық оқу

Қазақстанда саусақ іздері алынбайтын болды

Елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізін алу) енгізуден бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті түрде тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек-тін. Бірақ енді одан бас тартылмақ. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселелері бойынша түзетулер жобасына енгізілді.   «Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024…

Толық оқу