Башар Әл-Асад Тоқаевқа гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. »Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның…

Толық оқу

Тоқаев пен Мирзиёев өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты

Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда жазды.  Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды. Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу…

Толық оқу

Қайрат Нұрқаділов: «Сайлауға түсуден бас тартамын»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қайрат Заманбекұлы Нұрқаділов сайлауға түсуден бас тартып, мәлімдеме жасады. Ол қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлына қолдау білдіретінін айтты. «Мен, Нұрқаділов Қайрат Заманбекұлы, Қазақстан халқының және өзімнің ар-ожданым мен намысымның алдындағы жауапкершілігімді сезіне отырып, мынаны мәлімдеймін: ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтық құқығымды пайдаланып, биыл, яғни 2023 жылы 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің…

Толық оқу

Тоқаев Шымкентте Мирзиёевпен жолығады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке барды, — деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына барды», — делінген Ақорда хабарламасында. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.   Qazaq.today

Толық оқу

«Теңгенің нығаюы – уақытша құбылыс»

Экономист Асылбек Күздеубаев теңге бағамының күрт нығаюына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Экономист сарапшы Асылбек Күздеубаевтың пайымынша, теңге бағамының бұл жолғы нығаюы – жылда қайталанатын құбылыс. «Теңге бағамының қазіргі нығаюының бірден-бір себебін ғана айта аламыз. Бұл салық төлемдері қорытындыланатын кезеңмен тікелей байланысты. Яғни, қазір қаржы операцияларының бәрі теңгемен айналып жатыр. Сондықтан…

Толық оқу