
Тоқаев еңбек демалысына кетті
Мемлекет басшысы қысқа мерзімді еңбек демалысына шықпақ, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», деп мәлімдеді Ақорда. Естеріңізге сала кетейік, Президент бұған дейінгі еңбек демалысын Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізген еді. Фото: Берік Уәли Facebook