Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтардан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада. Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Алматы энергетика және…

Толық оқу

«Санкция салуымнан басқа амалым қалмайды»: Трамп Ресей мен Путинге ескерту жасады

Трамп ресей президенті Путинге ескерту ретінде жазба арнады. АҚШ президенті егер Украинаға қарсы соғысты тоқтатпаса Ресей ауыр санкцияларға тағыда ұшырайтынын ескертті, деп хабарлайды Qazaq.today. «Мен Ресейге зиян келтіргім келмейді. Мен орыс халқын жақсы көремін және президент Путинмен үнемі жақсы қатынаста болдым. Бұл тіпті радикалдардың «Ресей, Ресей, Ресей» деп ұрандатқанына қарамастан солай болды», — деп жазды…

Толық оқу

28 қаңтар күні Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.  Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

Толық оқу

Тоқаев Қытайдың жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президенттің айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамыған кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Қазақстан тарапының Қытаймен өзара…

Толық оқу

Трамп TikTok-қа уақытша жеңілдік берді, бірақ Қытайға қуануға әлі ерте

АҚШ Президенті Дональд Трамптың TikTok-ты АҚШ-та бұғаттауды кейінге қалдыру туралы шешімі елдегі 170 миллион қолданушы үшін қуанышты жаңалық болғанымен, Қытайда бұл шешімге теріс көзқарас танытылды. Трамп TikTok-тың иесі ByteDance компаниясынан платформаның 50%-ын америкалық серіктеске беру туралы ұсыныс жасаған соң, Қытай бұл қадамды қатты сынға алды. Сонымен қатар, Трамп Қытайдың TikTok-қа қатысты болашақ келісімді мақұлдауы америкалық…

Толық оқу