Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 маркалы көліктер енді сатылмайды
Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry моделі 5599 рет саудаға түскен. Қазақстанда Toyota Camry және Toyota RAV 4 автомобильдерінің сатылымы тоқтатылды, деп хабарлайды «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметі. Бұл модельдердің cатылымнан алынуына Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты жұмысының тоқтатылуы себеп. Бұған дейін көліктер сол жерден өндіріліп, Қазақстанға жөнелтілетін. Бүгінде автомобиль компоненттерін…