Енді үйіңізге тіркелген тұрғынды Halyk Homebank қосымшасында шығаруға болады

Енді пәтер иесі тек смартфон және Halyk Homebank қосымшасын пайдалана отырып, үйіңізге тіркелген адамды тіркеуден онлайн шығаруға болады. Бұрынғыдай ХҚКО барудың қажеті жоқ, ал қызметті қолдану уақыты 20 минуттан аспайды. Halyk Homebank қолданушылары үшін жаңа әрі ыңғайлы сервис іске қосылды. Бұл қызмет Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш…

Толық оқу

Антикор Нұрлан Мәсімовтің ұсталған сәтінің суретін жариялады

Антикордың мәліметінше, Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен қолға түскен. «Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», — делінген хабарламада. Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Толық оқу

Баланы құтқарамыз деп, өздері суға батып кеткен құтқарушылар: ТЖМ түсінік берді (видео)

Әлеуметтік желіде су қоймасынан баланы құтқару сәті түсірілген видео тараған болатын. Кадрларда көк түсті киім киген үш ер адам мен тағы бір бала қатты ағыс алып кеткен баланы құтқару үшін артынан жүгіреді. Бір кезде екі адам суға секіреді, олардың бірі баланы құтқарып қалады. Бірақ форма киген тағы бір адам судан шыға алмай қалады. Енді сол…

Толық оқу

Премьер-министр зейнет жасын төмендетпеуді ұсынды

Премьер-министр зейнет жасын төмендетпеуді ұсынды. Әлихан Смайыловтың сөзінше, бұдан ешқандай артықшылық көріп тұрған жоқ. Сондықтан зейнет жасын төмендетуді мүлде қолдамайды екен. Министрлер кабинетінің басшысы зейнет жасы төмендесе, БЖЗҚ-ға түсетін табыс бірден төмендейтінін алға тартты. Сәйкесінше бұл зейнетақы төлемдерінің төмендеуіне алып келеді. Ол зейнет жасын қысқартудың орнына бүкіл жүйені жетілдіруді ұсынды.

Толық оқу

Қарулы алматылық азаматқа қатысты жаңа деректер пайда болды

Ер адам отбасылық жанжалдан кейін көшеде қару алып жүрген. Алматы полиция департаменті қалада қарумен жүрген ер адамға қатысты жаңа мәліметтерді айтты. Сағат 22:00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан қарулы адам туралы хабарлама келіп түскен. Келген полиция қызметкерлері оны ұстап, қамауға алды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мұндай қадамға баруға отбасылық жанжалдың салдарынан бел…

Толық оқу