Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының Хиросимадан кейінгі ядролық соққы беруге дайын екендерін мәлімдеп, әлемді бір мезетте қорқытпақ болған агрессиялық риторикасы кенеттен басыла қалды», – делінген хабарламада. Алдымен Қытай премьері Ли Кэцян, содан кейін ҚХР төрағасы…

Толық оқу

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін 2021 жылғы 26 тамыздан бастап жүргізілді. Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін…

Толық оқу

Қытайлық миллиардер Джек Маның қайда жоғалып кеткені белгілі болды

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдан кетті және соңғы жарты жылдан бері Токиода тұрып жатыр. Дереккөзге сүйенген Financial Times осылай деп хабарлады. Басылым дереккөзінің жазуынша, Токио орталығында отбасымен бірге тұратын Джек Маның қоғамдық қызметке араласуы сиреген. Дереккөз миллиардердің қазір немен айналысатыны жөнінде түрлі мәлімет келтіреді. Кейбірі оның Alibaba айналысатын электронды саудадан бөлек салаға қызығушылық танытып отырғанын…

Толық оқу

Тікелей эфирде жерге түкірген Мәжіліс депутаты 15 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 315 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. «Полиция департаменті бейнежазбаны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК (1 АЕК – 3063 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген…

Толық оқу

Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. «16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Оралдағы қонақ үйлердің бірінен 35 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Өлім болған бөлмеде 28 жастағы әйел адам болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді», — делінген…

Толық оқу