Қазақстанда 300 мыңға жуық ресейлік жүр – Еңбек министрлігі

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға 837 мың ресейлік келіп, оның 300 мыңға жуығы қалды. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Жыл басынан бері шамамен 3 млн ресейлік келді. Сонша адам елден шықты. Жарияланған ішінара мобилизациядан кейін елімізге 837 мың ресейлік келді. Оның 780 мыңы елден…

Толық оқу

Министрлік «ерекше кезеңде» армия жөнінде жалған ақпарат таратқандарды жазалауды сұрайды

Қазақстан қорғаныс министрлігі ерекше кезеңде қарулы күштің беделін түсіретін жалған ақпарат таратқандарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуды заңмен реттеуді сұрайды. Қорғаныс министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, ел аумағында жарияланатын ерекше кезең деп әскери және төтенше жағдай немесе антитеррорлық операцияны атайды. Аталған мекеме бұдан бөлек ерекше кезеңде БАҚ, әлеуметтік желілердің әрекетін бақылауға алуды ұсынады. Қорғаныс министрлігі бұл…

Толық оқу

Ақтөбе облысында әкімді өлтіріп кетті: тың дерек шықты

Кеше түнде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың денесі табылды, деп хабарлады orda.kz. Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округының әкімі Ернар Махамбетов пышақ жарақатынан қайтыс болды. 36 жастағы ауыл басшысы мен фермер арасында жанжал болған. Бейресми деректерде демалыс күндері ауыл әкімінің аңға шыққаны айтылады. «Жағдайдың болғаны рас. Кеше түнде болды. Қазір тергеу жүріп жатыр….

Толық оқу

Қазақстан халқы 20 миллионға жуықтады

1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны – 19 715 182 адам. Қалалықтар – 12 169,1 мың. Ауылдықтар – 7 546,1 мың. Халықтың 48,8 пайызы – ерлер, 51,2 пайызы – әйелдер. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті. 2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3…

Толық оқу

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады. Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады. 1-11…

Толық оқу