16 жастағы қазақ қызы қытайлық әлем чемпионын ұтты
Шахматтан Pro Chess League турнирінің финалында 16 жастағы Алуа Нұрманова қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді ұтты. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев пен Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті. Pro Chess League (PCL) — жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін болды. Лиганың…