Жайық өңірінде репрессия құрбандарына арнап 9 кітап шықты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, баяндама жасады. -Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде тапсырмасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру…