«Үсік жүреді»: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет синоптиктері 25 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек еліміздің шығысында атмосфера фронттарының әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде 1-3 градус…