ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті
Altaynews.kz-тің жазуынша, 12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екені хабарланды. “Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Жүк құрамы кен және көмір тасымалдаған”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында…