Sorting by

×

Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған пәкістандықтар ұсталды

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады. Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды.«Қонақтардың» алдағы жоспары мен қылмыстың…

Толық оқу

31 қазанда жерленетін кеншілердің аты-жөні жарияланды

30 қазанда шахтаның 14 қызметкері жер қойнына тапсырылды. Кеншілерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі тек  Қарағандыда ғана емес, қала маңындағы елді мекендерде де өтті. Қаза тапқан жұмысшылардың көпшілігі бұрын компанияның басқа нысандарында жұмыс істеп, кейін шахтаға ауыстырылған. Жерлеу рәсімінің негізгі бөлігі 31 қазанға белгіленген, бірақ жерленетін жұмысшылардың нақты тізімі әлі белгісіз, бірақ әлеуметтік желілерде сегіз адамның…

Толық оқу

«15 бала»: Қазақстанда күн сайын қанша бала зорланатыны айтылды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2022 жылы балаларға қатысты 2 005 қылмыс жасалған, ал олардың 719-ы — кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Мұндай қорқынышты статистика жөнінде «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі пікір білдірді. Ол біздің елімізде күн сайын екі бала зорланатынын атап өтті.  …

Толық оқу

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада өтеді

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcында додалы жарыстың спорттық, мәдени бағдарламалары, ресми логотипі мен ұрансөзі таныстырылды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен басқосуға ҚР Туризм және спорт министрі, 5-шіДүниежүзілік көшпенділер ойындары Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ермек Маржықпаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу…

Толық оқу

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

Altaynews.kz-тің жазуынша, 12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екені хабарланды.   “Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Жүк құрамы кен және көмір тасымалдаған”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында…

Толық оқу