Sorting by

×

Қызылордада мұғалім оқушыға азғындық жасаған: полиция пікір білдірді

Желіде Қызылорда облысындағы мектеп мұғалімдерінің оқушыға зорлық жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаментінің өкілдері мұғалім ұсталғанын хабарлады, деп жазады nur.kz. EGOV.PRESS Telegram-арнасында Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі оқушыға заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланды. Қызылорда облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында…

Толық оқу

Көкшетау мектептері түгел онлайнға көшті

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді. «Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы…

Толық оқу

Олигарх Төлешовке тиесілі болған Фосфоршылар сарайы Шымкент әкімдігінің балансына алынды

Коллаж: ulysmedia.kz. Бұл жайлы орталық коммуникациялар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Сіз кезінде мемлекет меншігіне Шымкенттегі фосфоршылар сарайы өтетінін хабарлаған еді. Ол кезінде олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болған. Қандай тетік бойынша әрекет етесіздер? Қазір сарайы жекенің меншігінде ме? Оны мемлекетке қайтару үшін қаражат жұмсала ма?» – деп сұрады журналист әкімнен. Ғабит Сыздықбековтың…

Толық оқу

Астанада басқарма басшысы болған әйел мәжбүрлі еңбекке тартылды

Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасының бұрынғы басшысы Әлия Қожабаева ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-шенеунікті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға бас бостандығын шектеді. Оның әрекетінен келген шығын 5 миллион теңгеге бағаланған. Қожабаеваға енді өмір бойына мемлекеттік қызметте, қаржы…

Толық оқу

ТЖМ: «-39 градусқа дейін аяз болады»

«Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздікке баса мән беру керек», деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.  «Қазгидромет» болжамына сәйкес желтоқсанда ауа райы жиі өзгереді. Кейбір ауданда қар көп жауып, боран болатыны хабарланады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады деп күтіледі. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз…

Толық оқу