Биыл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бөлінді

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам адамды қабылдады….

Толық оқу

Әлия Назарбаева ҚТЖ билетінің сатылымы мен қоқыс шығару бизнесінен кетті

Коллаж: ulysmedia.kz. Экология министрлігінің басшысы ӨКМ бүгінде 100% мемлекеттік кәсіпорын екенін айтады. «Бұған дейін бұл жеке кәсіпорын болған. Мүмкін оның кәсіпорны (Әлия Назарбаеваның — авт.) болған шығар, нақты білмеймін. Бүгінгі таңда, ресми түрде мәлімдейтінім – қоқыс бойынша да, қоқысты өңдеу және сұрыптау бойынша да бірде-бір кәсіпорында Назарбаеваның қатысы жоқ», — деді экология министрлігінің басшысы. Көлік…

Толық оқу

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар екі есе көбейеді

Келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар саны 2 есе көбейеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен өңірлердегі өндірісті одан әрі кеңейту және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы жиында белгілі болды. Жиында Өзбекстанның Көлік министрлігіне келесі жылы кемінде тағы 1200 автобус сатып алып, маршруттарға шығару тапсырылды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан…

Толық оқу

Алдағы екі жылда Алматыда қытай автомобильдері шығарыла бастайды

Алматыда экономиканы сапалы дамыту мақсатында жыл сайын 10% деңгейдегі өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы 1,8 трлн. теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн. теңге. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. «2023 жылға 2019 жылға қарай инвестицияның 239% деңгейінде өсуі көзделген, яғни 2022 жылға қарай 20,6%-ға өсу. Бұл ретте 2024 жылы инвестицияның өсуі…

Толық оқу

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 200-ден аса мектептің құрылысы басталды

Үкімет білім беру саласына қатысты биылғы жыл қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Қазір республикада мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылып жатыр. Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. 210…

Толық оқу