Жайық өзеніне Орынбор облысынан тасқын су келіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday. Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ…

Толық оқу

Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстандық еркін күресші Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық кездесу өткізді,Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңіп, құрлықтық турнирде өз командасына алғашқы алтынды әкелді, деп хабарлайды Qazaqtoday. Жеңіске жету жолында Дәулетбеков ирандық Хади Вафаейпураны (3:1) және қытайлық Пейлонг…

Толық оқу

Президент күйші Әбдімомын Желдібайұлының отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.  «Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке…

Толық оқу

Тағы бір Салтанатты күйеуі аяусыз ұрған видео тарады

Фото: видеодан кадр Биыл 1 сәуір күні Алматыдағы «Life Town» тұрғын үй кешенінің жанында күйеуі Салтанат есімді әйелінің телефонын сындырып, оны қатты соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұл туралы қоғам белсендісі Жанна Ахметова әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады. Оның сөзіне сенсек, видеодағы әйел 11 жылғы некеден кейін жолдасымен ажырасқысы келген. Себебі – тұрмыстық…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Фото: YK-news.kz Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар жауды. Әлеуметтік желілерде қар жауғаны жайлы фото, видео тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. «12 сәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болды», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы. Сондай-ақ, Марқакөл, Зайсан, Теректі, Риддер, Катонқарағай метеостанцияларында қатты жауын-шашын…

Толық оқу