
Жайық өзеніне Орынбор облысынан тасқын су келіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday. Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ…