
Екібастұздағы жаппай улану оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Екібастұз полициясы жергілікті мейрамханалардың біріндегі адамдардың тамақтан жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәсіпкерлік нысаны санитариялық және гигиеналық ережелерді бұзуы ықтимал. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Полиция абайсызда жаппай ауруға, адамдардың улануына әкеп соққан санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Екібастұз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау…