
«Әжетханада қинап, өлтіретіндерін айтқан»: 4-қабаттан құлаған 8-сынып оқушысының анасы жан айқайын жеткізді
Баланың анасы: сабақ біткеннен кейін мені бәрібір өлтіреді деген балам, өзім өлейін деп терезеден секірген. Астанада мектептің төртінші қабатынан оқушы секіріп кетті. Бала қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Жасөспірімнің мұндай қадамға не себеппен барғанын полиция анықтап жатыр. Ал туыстарының өз болжамы бар. Олар баланы басқа оқушылар бопсалаған деп есептейді, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі KTK жаңалықтарына…