Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жайлы түсінік берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін жариялады. Осыған байланысты оның Facebook әлеуметтік желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз. «Сонымен қатар, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның…

Толық оқу

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында оқыс оқиғадан қазақстандық әйел қаза тапты

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Шарм-эль-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлады. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы 2 отандасымыз жарақат алды. «Мерт болған адамның туыстарымен байланысқа шықтық, оларға барлық мәселе бойынша консул көмек көрсетіп жатыр. Зардап шеккен 2 әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп…

Толық оқу

“5 жыл бойы”: Атырауда өгей әкесі қызын екінші әйелі болуға мәжбүрлеп, зорлаған

Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам бес жыл бойы өзінің 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған.  Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Тек кейінірек батылдық танытып, бар шындықты туысына айтып берген. Қорлық 2018 жылы қыздың анасы перзентханаға кіші баласын босануға кеткенде басталған. Анасы үйде болмаған кезде…

Толық оқу

“Жұмбақ қабір”: Назарбаевтар әулетінің зиратында жаңа қабір пайда болды

Назарбаевтар әулетінің зиратында  жаңа қабір пайда болды, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратына жерленген болуы мүмкін. Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды. Orda.kz тілшілері оқиға орнына барып, ешқандай жазуы жоқ, белгісіз қабірді көрді. Жаңа зират марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің дәл жанында…

Толық оқу

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктіне барды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетінде болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өтті. Сапар барысында Роман Скляр пункттің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты, рәсімдерді цифрландыру, өткізу қабілеті деңгейін,…

Толық оқу