Димаш Құдайберген Дубайдағы концертінде соғысқа қарсы екенін ашық айтты
Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайдағы жеке концертінде барлық халықтарды татулыққа шақырған шағын эмоцияға толы сөз сөйледі. Бұл туралы Qazaq.Today жазды. Димаш Құдайбергеннің инстаграм парақшасында нөмірлер арасында үзіліс кезінде айтқан сөзінің субтитрлері бар видеоның үзіндісі жарияланды. Димаш қазіргі заманда адам өлімі болатын соғыстарға орын болмауы керек екенін айтты. Ол соғыссыз әлемді таңдайтынын баса айтты. «Шынымен,…