Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет — Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек».

Толық оқу

Қазақстанда жаңа үш облысы құрылады: Абай, Ұлытау, Жетісу

Қазақстанда жаңа үш облыс пайда болды. Бұл туралы Тоқаев жолдауында айтты. «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», — деді Мемлекет басшысы. «Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған…

Толық оқу

Қапшағайға Қонаев есімін беруді ұсынамын — Президент

«Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын» деді Тоқаев

Толық оқу

Атырауда атыс болып, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)

Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір…

Толық оқу

Жамбылдағы 17 адамның өлімі 4 сарбаздың мойнына ілінуі мүмкін

Жамбыл облысы 17 адамның өлімі 4 сарбаздың мойнына артылуы мүмкін. Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылысқа бірнеше жауынгер айыпталып жатыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алған, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап Ал күдіктілердің жақындары жоғары лауазымды әскерилер өздерін ақтап алу үшін бар кінәні жауынгерлерге жаба салды деп санайды. Шымкенттің тумасы Әсет Әшірбай Құландағы…

Толық оқу