Ақтөбеде әйел мен оның баласын өлтірген 23 жастағы жігіт болып шықты

https://www.youtube.com/watch?v=T3h9P0CbLmE Ақтөбеде асқан айуандықпен өлтірілген әйел мен оның жасөспірім баласына қастандық жасаған қылмыскер 23 жастағы жігіт болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды. «Бұл…

Толық оқу

«Тергеу аяқталды»: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілмек

Даңқты спортшы, ҚР Паралмент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс-құжаттары танысу сатысына өткен. Ол жуырда сотқа жіберілмек, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жәбірленуші, зардап шегуші заңгерлер отбасы. Жағдайларды өзінің facebook әлеуметтік желісіне жазған Анна Чернова-Димитриевич осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Чернова бүкіл Қазақстан халқына және ақпаратты ашық жариялаған журналистерге, әскери…

Толық оқу

«Аяғы құрсақта сынған» алматылық дәрігерлер ауыр дертпен туылған бүлдіршінге күрделі ота жасады

№2 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед мамандары майтабанның туабітті ауыр түрімен және жетілмеген остеогенез (сүйектердің сынғыштығы) дертімен қатар ауыратын 4 жастағы балаға өте күрделі  операция жасады. Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, туабітті ақауды түзету мақсатында пациентке сіңір ауыстыру, ахилопластика, аутотрансплантант орнату сынды бірнеше хирургиялық манипуляция жасалды. Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Аурухананың Травматология бөлімшесі…

Толық оқу

Алматыда көлігін жөндемек болған жүргізушінің көзін металл сынығы тесіп өтті 

Алматылық офтальмологтар көзіне металл кіріп кеткен жүргізушінің көзіне шұғыл ота жасап, ер адамның жанарын сақтап қалды. Көлігін жөндемек болған жүргізушінің көзін жарты см металл сынығы тесіп өткен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Науқасқа отаны Орталық қалалық клиникалық ауруханасының  дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасады. Дәрігерлер жоғары технологиялық операцияның арқасында жүргізушіні соқыр болып қалу…

Толық оқу

Умра қажылыққа аттанған жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды

Меккеге барар жолда жол-көлік оқиғасы болды. Автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты. Тағы 29 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. audigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс…

Толық оқу