«Тұңғышбай кек алды»: сот Арыстанбек Мұхамедиұлының бірнеше өтінішінен бас тартты

Астана қаласы Байқоңыр ауданық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Айта кетейік, бүгін, 2023 жылдың 17 сәуірінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауда отырған экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және тағы үш адамның соты басталған болатын. Астанада қалың қар…

Толық оқу

Ақтөбеде 5 жасар қыздың өлімі үшін денсаулық сақтау басқармасы 5 млн теңге төлейді

Дәрігерлер бүлдіршінге дұрыс диагноз қоя алмай, бір ауруханадан екіншісіне жіберіп уақыт жоғалтқан. Нәтижесінде жағдайы сағат сайын нашарлай түскен 5 жасар Іңкәр ауруханада жан тапсырған. Баланың анасы медициналық мекемелерді сотқа берді, деп хабарлайды Диапазон  ақпараттық порталына сілтеме жасаған Qazaq.today.  Қайғылы оқиға 2019 жылы болды. 11 қазанда 5 жасар Іңкәрдің кенеттен температурасы көтерілген, №2 емханананың ақ халаттылары…

Толық оқу

Шымкенттегі мектепте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім жұмыс істеген

Шымкенттегі №33 мектепте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген,  деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан бірнеше сыныпқа сабақ берген. Санитарлық эпидемиологтардың айтуынша, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым арасында туберкулез ауруының алдын алу үшін барлық шаралар қабылданған. «11 сәуірде…

Толық оқу

«Өлім аузында жатыр»: экс-президент көмек сұрады

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили өлім аузында жатыр. Ол жуырда өліп қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Politico басылымына сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Басылым мәліметінше, түрмеде отырған саясаткердің денсаулығы нашарлап, хәл үстінде жатыр. Экс-президент халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.   «Түрмеде денсаулығым әбден нашарлап бітті. Өлім аузында жатырмын. Маған психологиялық, физикалық қысымдар жасалып жатыр. АҚШ-тың…

Толық оқу

Ақтауда 16 медицина қызметкері астан уланып қалды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. «10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, 16 адам улану белгілерімен шағымданған», – делінген басқарма хабарламасында. Аурухана дәрігері науқастардың бүгінгі жағдайы…

Толық оқу

Ақтөбеде әйел мен оның баласын өлтірген 23 жастағы жігіт болып шықты

https://www.youtube.com/watch?v=T3h9P0CbLmE Ақтөбеде асқан айуандықпен өлтірілген әйел мен оның жасөспірім баласына қастандық жасаған қылмыскер 23 жастағы жігіт болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды. «Бұл…

Толық оқу

«Тергеу аяқталды»: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілмек

Даңқты спортшы, ҚР Паралмент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс-құжаттары танысу сатысына өткен. Ол жуырда сотқа жіберілмек, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жәбірленуші, зардап шегуші заңгерлер отбасы. Жағдайларды өзінің facebook әлеуметтік желісіне жазған Анна Чернова-Димитриевич осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Чернова бүкіл Қазақстан халқына және ақпаратты ашық жариялаған журналистерге, әскери…

Толық оқу

«Аяғы құрсақта сынған» алматылық дәрігерлер ауыр дертпен туылған бүлдіршінге күрделі ота жасады

№2 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед мамандары майтабанның туабітті ауыр түрімен және жетілмеген остеогенез (сүйектердің сынғыштығы) дертімен қатар ауыратын 4 жастағы балаға өте күрделі  операция жасады. Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, туабітті ақауды түзету мақсатында пациентке сіңір ауыстыру, ахилопластика, аутотрансплантант орнату сынды бірнеше хирургиялық манипуляция жасалды. Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Аурухананың Травматология бөлімшесі…

Толық оқу

Алматыда көлігін жөндемек болған жүргізушінің көзін металл сынығы тесіп өтті 

Алматылық офтальмологтар көзіне металл кіріп кеткен жүргізушінің көзіне шұғыл ота жасап, ер адамның жанарын сақтап қалды. Көлігін жөндемек болған жүргізушінің көзін жарты см металл сынығы тесіп өткен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Науқасқа отаны Орталық қалалық клиникалық ауруханасының  дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасады. Дәрігерлер жоғары технологиялық операцияның арқасында жүргізушіні соқыр болып қалу…

Толық оқу

Умра қажылыққа аттанған жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды

Меккеге барар жолда жол-көлік оқиғасы болды. Автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты. Тағы 29 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. audigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс…

Толық оқу