Алматыда 2024 жылы денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізіледі
Алматыда мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясы өтуде. Қала әкімі Ерболат Досаев денсаулық сақтау нысандарын модернизациялау, реконструкциялау және олардың құрылысын аяқтау жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «2024 жылы Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы және Қалалық кардиологиялық орталықтың ғимаратын реконструкциялау аяқталады, сондай-ақ жалпы сомасы 2,7 млрд.теңгеге 7 денсаулық…