Елімізде доллар бағамы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 30 қаңтарында сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтеріліп, 519,28 теңге болды. Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты юань биржасында сауда болған жоқ. Ақша айырбастау орындарында доллар 519,75-522,34 теңге, еуро 540,24-544,40 теңге, рубль 5,17-5,25…

Толық оқу

Инвестиция тарту жұмысын күшейтпесек, заман ағымынан кеш қаламыз – президент

Бізге сапалы инвестиция қажет дейді Тоқаев Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инвестиция тарту жұмысын күшейтіп, жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today. «Үкімет инвестиция саласындағы жұмысты күшейтуі қажет. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, инвестиция нарығындағы бәсекелестік қызып тұрған кезеңде заман ағымынан кеш қаламыз. Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық….

Толық оқу

Елімізде биыл екі ірі автомобиль зауыты іске қосылады — Премьер-министр

Олардың өндірістік қуаты жылына 160 мың автокөлікті құрайды деп жоспарланған. Фото: qazindustry.gov.kz Қазақстанда автомобиль өндірушілерді локализациялау 2027 жылға таман 50 пайызға артады, деп хабарлайды Qazaq.today сайты. Бұл туралы Үкімет басшысы өз баяндамасында айтқан. – Өз кезегінде, өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту, өнімнің сапасын және жергілікті өндіріс көлемін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша міндеттемелер алуда. Мысалы, автомобиль…

Толық оқу

Қазақстанда құны 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауыты салынады

Бұдан бөлек бутадиен өндіретін зауыт құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынады. Фото: opennews Биыл елімізде полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today сайты. «Биыл құны 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Құны 1,3 млрд долларды құрайтын бутадиен өндіретін зауыт құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынады. Қазақстан…

Толық оқу

Реформа керек: Тоқаев салық кодексі жобасын мұқият қарауды тапсырды

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексінің жобасын жан-жақты талқылауды тапсырып, қателесуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. Президент қазір Салық кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатқанын атап өтті. «Бұл жақсы нәтиже, дегенмен биыл Салық кодексіне я болмаса Бюджет кодексіне назар аудару керек. Біз оның бәрін қалай істейміз? Қателесуге болмайды. Сол себепті жұмыс істеңдер. Жалпы…

Толық оқу