БҚО полициясы 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі
Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында киік дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. «Тінту барысында 2 мыңнан астам киік мүйізі табылып,…