2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда

ҚР Ұлттық банкі 2030 жылға дейін Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы дайындады. Жоба «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today. Ұлттық банк дерегінше, тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін айқындайды. «Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс…

Толық оқу

«Ақша бюджетке түседі»: Алматыдағы ақылы автотұрақтар «Алматы паркингке» беріледі

Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың бірі шаһар басшысына көлік тұрақтары мәселесі туралы сұрақ қойған. «Жетісу-2 шағынауданында 16 және 19 үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан астам уақыт…

Толық оқу

Ресей Каспий құбыр консорциумында мұнай жөнелтуді тағыда тоқтатты

Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмысы тағыда тоқтап қалды. Компания мұнай тасымалының тоқтатылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Компанияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымына байланысты Теңіз терминалының жұмысы тоқтатылған. Белгілі болғандай, 10 сәуірден бастап Новороссийскінің бірқатар БАҚ-ында мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі және ықтимал экологиялық проблемалар туралы хабарламалар…

Толық оқу

«Қамауға алынды»: Антикор Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғанын растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  «Қамауға алынғанын растаймыз, әзірге істің мән-жайы туралы мәлімет берілмейді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен. Бұған дейін Өсеровтің аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен үй қамағына алынғаны туралы айтылды. Оған 2019 жылы Алматыда коммуналдық меншік объектілерін…

Толық оқу

Ғылымның озық саласында артта қалдық — Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның түрлі саласын қаржыландыру ісінде өте үлкен теңсіздіктер жайлы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  «Қазіргі ахуалды сипаттау үшін мына мәселелерге тоқталып өту қажет. Соңғы бес жылда ғылымға бөлінетін қаржы 60 пайызға артты. Ал ішкі жалпы өнімдегі ғылымның үлесі, керісінше, 0,13 пайызға төмендеді. Бұл қаражаттың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 70 пайызы бюджеттен бөлінеді….

Толық оқу