Елімізде жаңа үйлердің бағасы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 14,8%, Семей – 12,1% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Семей (14%), Қызылорда (11,7%) қалалары бастап тұрса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,3%), Көкшетау (20,6%), Қызылорда (20,2%) қалалары. Мамандардың айтынша, 2023 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып…

Толық оқу

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды. Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады. Өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволары, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.   «Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің…

Толық оқу

Қызылорда қаласының әкімдігі жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге қаржы бөлген

Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Тексеру нәтижесінде бұрын-соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі Батырбаев…

Толық оқу

Франция президенті Астанада асық ойнады

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында Жас көрермендер театрының әртістері мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды. Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген «Көк базарды», қолөнер…

Толық оқу

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басқарушысы бір жылда 375,9 млн теңге жалақы алған

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының директоры Балават Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге айлық алған. Шетелдік азаматқа айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеп келген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі  Finance.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.  Арнаның жазуынша, 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген, бірақ 31 тамызға дейін болуы керек…

Толық оқу