
Төрт облыста су тасқыны салдарын жоюға бөлінген ақшаның 1 миллиард теңгесі жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Өйткені бірнеше облыста ақша жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов ақшаның қалай жұмсалып жатқанын тексеруге тапсырма берді. «Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды…