Тасмағамбетовке тосқауыл қоймақ болған кімдер?

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұрынғы қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке қарсы куәлік беруден бас тартқаны үшін оны түрмеге жібергенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today сайты orda.kz порталына сілтеме жасап. Жауынгерлік офицер, Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының 2017 жылы бұрынғы басшысы Мұхтар Қарабековты әскери сот «Қазақстан инжиниринг» компаниясының қызметіне қатысты…

Толық оқу

ҰҚК көрсеткен Мәсімовтің үйі бұрын Назарбаевтың резиденциясы болған

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетітің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік резиденциясы болған. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. «Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы алғашқы мемлекеттік резиденцияларының бірі. Есіл жағалауында орналасқан. Біраз уақыттан кейін бұл резиденция премьер-министрлерге беріліп, жақын жерде Назарбаевқа тағы бір жаңа резиденция салынды. Бұл резиденцияда Мәсімовке дейін оның алдындағылар тұрған. Үй…

Толық оқу

«17 млн доллар, қымбат көлік, элиталы үйлер»: ҰҚК Мәсімовке тиесілі мүліктердің бір бөлігін жариялады

  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастыруда. Бұл туралы Qazaq.Today комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. «Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат…

Толық оқу

ҰҚК-ның 2 қызметкері мәжілістен кетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері Файзолла Каменов пен Сергей Решетниковтың депутаттық өкілеті тоқтатылды. 9 наурызда пленарлық отырыс кезінде мәжіліс олардың өкілетін тоқтату туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы екеуінің өкілетін тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Orda-ға сілтеме жасап хабарлайды. Сәрсенбі күні мәжіліс бір депутатпен толықты. Айтыс ақыны Аманжол Алтай…

Толық оқу

Түрмедегі хас сұлу, биші қыздар қаңтар оқиғасына қатысты концерт қойды

Жазасын өтеушілердің арасында 80-нен асқан әжей де бар Алматы облысында орналасқан Жауғашты түрмесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер қаңтар қасіретіне қатысты қойылым қойды. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктен қайтыс болғандар мен жараланғандардың арасында қамаудағы әйелдердің де туыстары болған. Қапаста жатқан қалың әйел бостандықтың қадірі туралы өлең жазып, қаңтар қасіретінен жапа шеккен елге өз үндерін қосты. Қамаудағы әйелдердің бірі…

Толық оқу

«Ұйғыр ауданының әкімі Бозымбаевты да тыңдамайды»: Ауған соғысының ардагері 5 жылдан бері үй жанындағы құдықтың суына зар болған

Алматы облысында Ауған соғысының ардагері, екінші топтағы мүгедекті әкімдік сусыз қалдырыпты. Ұйғыр ауданының бұрынғы әкімі мен қазіргі әкімі Шухрат Нурахунов елге ортақ құдықты жекеменшікке сатып жіберген. Бүгінге дейін оның бес қожайыны ауысыпты. Олар құдықтан шығатын артизиан суын сол маңдағы шаруа қожалықтарына, демалыс орындарына сатып келеді. Бахавдун Халықовтың Қарадалада тұрып келе жатқанына 40 жыл болған. 120…

Толық оқу

«Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО)

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады Qazaq.Today басылымы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды. «Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып,…

Толық оқу

Қорғастан тауар таситын жүргізушілер Кірістер департаментінің жобасын жемқорлықтың жолы деп санайды

Алматы облысында жүк таситын кәсіпкерлер мен жүргізушілер мемлекеттік кірістер департаментінің жобасына түбегейлі қарсы. Соңғы бір жарым айдан бері Қорғаста тексеріс жүріп жатқаны белгілі. Үкіметтен де, министрліктен де жауапты адамдар бірнеше рет келіп, тауар тасымалының ашықтығын реттеудің жолдарын қарастырған. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды. Қорғастағы көлеңкелі экономиканы реттеп, қордаланған проблемаларды шешу үшін…

Толық оқу

Меркі ауданында Еуропалық стандартқа сай аурухана жұмыс істеп тұр (фото)

Жамбыл облысы Меркі аудандық ауруханасында Еуропалық талаптарға сай «Үздік тәжірибелер орталығы» атты жаңа жоба жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетудің жаңа әдісін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдаған, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Орталық өткен жылы тамыз айында ашылған. Емдеу мекемесінің ашылуына ДДСҰ Еуропалық кеңсесінің директоры Мэлита Якуп және Азиялық кеңсенің директоры Арнольдас Юргутис…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев: Партияның атын «АМАНАТ» деп өзгертуді қолдаймын

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. – Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Тәуелсіздігімізге төнген қатердің бетін қайтардық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің  символдық мәні бар. Бірінші наурыз – партияның құрылған күні….

Толық оқу