Путин Тоқаевқа әкесінің Кеңес Одағының Батыры атағын бергені үшін марапат парағын табыс етті

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын табыс етті. Құжатқа сәйкес, Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ оған берілмеген. Ол Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Толық оқу

Зеленский Украинаның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі туралы мәлімдеме жасады

8 мамыр, бейсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский нацизмді жеңу және еске алу күніне орай украин халқына үндеу жасады. Киевтің орталығындағы Крещатик көшесінде жазылған сөзінде Зеленский 80 жыл бұрын нацистік Германияны жеңудегі Киевтің рөлін атап өтіп, оны бүгінгі Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысымен салыстырды, деп хабарлайды Qazaq.today «Украинская правдаға» сілтеме жасап. Зеленский Ресейдің «зұлымдық»…

Толық оқу

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.

Толық оқу

Соғысқа аттанған 1,2 млн адамның тең жартысы қаза тапты — Тоқаев

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске Қазақстан халқының қосқан үлесі өлшеусіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың Тәуелсіздік алаңында өтіп жатқан әскери парадта осындай ой айтты. — Халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды. Олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Келер ұрпақтың жарқын әрі бейбіт келешегі үшін өз…

Толық оқу

Президент Қазақстан халқын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйледі. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. — Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – батыр бабаларымыздың жоғары жауынгерлік рухының символына айналды. Біз отанымызды жанқиярлықпен қорғаған ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, Отаны үшін шайқаста қаза тапқандардың…

Толық оқу