Қазақ мектептерінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілдері оқытылмайтын болды
Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Осылай деп оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министрдің сөзінше, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады. Бала орыс және ағылшын тілін үйренбей тұрып ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Министр бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады деп санайды. «Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні…