Ресейлік депутаттар Путинді сатқындық жасады деп айыптауды талап етті
Санкт-Петербургтегі «Смольнинское» муниципалдық құрылымының (МО) кеңесі Мемлекеттік Думаның депутаттарын Ресей президенті Владимир Путинді Украинаға қарсы соғыс бастағаны үшін сатқындық жасады деп айыптауға шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 8 қыркүйекте «Смольнинское» муниципалитетінің депутаты Дмитрий Палюга мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”. «Шешімді жиналған депутаттардың көпшілігі қолдады», — деп жазды Палюга. Бірақ қанша адам жақтап дауыс бергенін айтпады….