Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды
Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев сүйегінің қалдықтары табылды. Оны бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапқан. Молекулярлық-генетикалық сараптама қалдықтың Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті. «Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары…