Президент: «Елдегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керек»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Кеңесте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керек екенін айтты. «Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды…

Толық оқу

Болат Назарбаев «Барыс» көлік базарынан айырылды

Алматы облысының прокуратурасы Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» көлік базары орналасқан жер телімінің сатып алу-сату шарттарына қатысты істің сотта қаралғанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды. Сотта Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімдерін сатып алу-сату үлгісіндегі шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандыру…

Толық оқу

«Тұңғышбай кек алды»: сот Арыстанбек Мұхамедиұлының бірнеше өтінішінен бас тартты

Астана қаласы Байқоңыр ауданық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Айта кетейік, бүгін, 2023 жылдың 17 сәуірінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауда отырған экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және тағы үш адамның соты басталған болатын. Астанада қалың қар…

Толық оқу

«Баласы болмағаны үшін кінәлі емес»: адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа шығаруды сұрады

Сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлын адвокаты Төлеев үйқамаққа шығаруды сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today.

 “Оның зейнет жасына таяғанын ескеріп, гуманизм қағидасына сүйене отырып оны үйқамаққа босатуды сұраймын”,- деді оның қорғаушысы Төлеев. Адвокаттың айтуынша, іс бойынша екі жас баласы бар айыпталушы ғана үй қамақта отыр. “Бірақ, баласы жоқ болғаны үшін Мұхамедиұлы кінәлі емес қой”,-деді Төлеев. Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі…

Толық оқу

«Автомат пен тапаншасын тартып алды»: АҚШ-та тұратын қазақ жігіті қарақшылармен төбелесті

Америкада тұратын қазақ жігіті өзіне қарумен шабуыл жасаған қарақшылармен төбелесті. Олжас Қаныбекке афроамерикалық үш қарақшы шабуыл жасаған. Алайда Олжас қарақшылардың өздерін тонап, қаруларын тартып алған. Жеңіл жарақат алған жерлесіміздің қарақшылармен төбелескен сәті әлеуметтік желілерге тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today. Оқиғаның қалай болғанын кейіпкердің өзі Олжас Қаныбек Instagram парақшасында айтып берді. Төбелес АҚШ-тың Майами қаласында болған….

Толық оқу