Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада. Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген. 2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші…