Алматы облысындағы балабақшада 3 жастағы сәби қайтыс болды
Алматы облысында балабақшаға барған 3 жастағы бүлдіршін қайтыс болды. Ол балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Оқыс оқиға 13 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданының Қырбалтабай ауылында түс уақытында орын алған. «Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны…