Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, күшікке Ғарышкер деп ат қойғанын айтты. «Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы — біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған жеті қазынаның…