Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы өлтірген болып шықты
Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today агеттігі. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды. «Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады….