Қызылорда облысының әкімдігі 5 млрд теңгені тиімсіз жұмсамақ болған
Фото: gov.kz Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Ведомство мәліметінше, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. «Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған. ҚМА өңірлік департаментінің…