Алматыдағы хостелден шыққан өрттен 13 адам қаза тапты
Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Қалалық ТЖД хабарлауыныша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған. «Өрт туралы хабарлама келіп түсе салысымен, №1 өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда 1-қабаты және жертөлесі жатаханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын…