Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі аса маңызды – Ерлан Қарин
Фото: ашық дереккөзден Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатының форматы әңгімелесу сипатында болғанымен, көлемі мен мазмұны тұрғысынан алғанда бағдарламалық мақала деуге әбден болады. Бұл туралы Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында жазды. Ерлан Қариннің сөзінше, сұхбат қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұр. Солайша,…