Мемлекет басшысы Алматы қаласының азаматтық қорғаныс жүйесін сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесінің басшылығы, Үкімет мүшелері, қалалар мен облыстардың әкімдері, сондай-ақ аймақтардағы төтенше жағдайлар департаменттерінің жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтты. Сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам…

Толық оқу

ҰҚК үш қалада діни радикалдарды ұстады

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алған. Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.  

Толық оқу

«Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Іздестіру жұмыстарын Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Іздестіру ісі 23 қаңтарда Алматы облысында тіркелген. Күдікті Kazakhstan Kagazy PLC және «Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы бас директоры. Ол компанияны 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарған. Бірнеше жылдан кейін, 2013 жылы жаңа меншік иелері мақсат Мақсат Әріп 150 млн долларды Kazakhstan Kagazy құрамына кірмеген компаниялардың…

Толық оқу

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.  

Толық оқу

Елімізге Башқұртстанның басшысы Радий Хабиров келді

Бүгін елімізге Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров келді. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде президент Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастықтың елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы орайда Башқұртстан Республикасы ерекше рөл атқарады. «Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қарым-қатынасқа тың серпін беру тұрғысынан алғанда, бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп…

Толық оқу