Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Фото: Ақорда Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Толық оқу

Вице-министр Мансұр Ошурбаев тергеліп жатыр

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұстағалғаны туралы ақпарат тарады. Лауазымды шенеуніктің тергеліп жатқанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз», — деп хабарлады антикор. Тергеу жалғасып жатыр. Бұған…

Толық оқу

Түркістан облысындағы перзентханада 18 жастағы әйел көз жұмды

Түркістан облысында босануға келген 18 жастағы келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Севара Абдуллаева Қарабұлақ ауылының ауруханасына толғақпен түскен. Марқұмның туыстары келіншектің ешқашан ауырмағанын айтады. Сондықтан дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды деп топшылайды. Бірақ қажетті ем-домның бәрін жасадық деген медициналық мекеме қызметкерлері өлімнің нақты себебін сараптама ғана айқындайды деп отыр. Телеарнаның хабарлауынша,…

Толық оқу

Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды (ВИДЕО)

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. «Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Лауазым иесі қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру…

Толық оқу

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Фото: BAQ.KZ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтінінде былай делінген: Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін. 4. Осы Жарлық…

Толық оқу