Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери…

Толық оқу

Оралдағы балабақшада бірнеше бүлдіршін шкафтың астында қалды

Фото: inessatoboleva инстаграм парақшасынан Оралда балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 ақпан күні қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданында «Сәби» балабақшасында болды. «Жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жеткен. Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі –…

Толық оқу

Елді 1 млрд теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Questra Holding компаниясын құрып, халықты 1 млрд теңге ақшаға алдаған деген күдікті ұсталды. Бұл азаматты Бас прокуратура мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Испанияда қолға түсіріп, елге алып келді. Ол бірден тергеу изоляторына қамалды. Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті Испанияда тұрып жатқан жылы жерінен экстрадицияланған. Ол қаржы пирамидасын құрғаны үшін жауапқа тартылады. Бұған дейін…

Толық оқу

Бір айда шекара заңнамасын бұзған 2,7 мыңнан аса адам ұсталды — ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 2 776 адамды ұстады. Оның ішінде: 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;   19 шетел азаматымен шекараны бұзу…

Толық оқу

Қарағанды облысында марқұмның отбасы полиция басқармасымен соттасып жатыр

Қарағандыда қызмет орнында қайтыс болған учаскелік полиция инспекторы Ұлан Имашевтың туыстары біржолғы өтемақыны ала алмай жүр. Олар сотқа жүгінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 32 жастағы Ұлан Имашев былтыр ақпан айында қайтыс болды. Полиция бөлімшесінде болған кезде оның жүрегі тоқтап қалды. Сараптамаға сәйкес, жас жігіттің өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. «Ол қайтыс болғаннан кейін бірден…

Толық оқу